Сауалнама

Сізге сайттағы ақпарат пайдалы болды ма?
 

Ізденіс

Фотомұрағат

Шығармашылығы

Марапаттаулар

Онлайн қонақтар

Сейчас 64 гостей онлайн
Ә.Марғұлан: Бейне-мұрағат
Бейне-мұрағат

Екі киношежіре шамамен ХХ ғасырдың 50-60 жж. 24 кадрлық пленкаға түсірілген. Екеуі де дыбыссыз. Қара-ақ бейненің сапасы орташадан төмен. С.Торайғыров атындағы ПМУ тапсырысы бойынша киношежірені цифрлеу Қарағанды қаласының киностудиясында жүзеге асырылған және сәйкесінше 1 диск пен 2 дискке жазылған.

І  ДИСК. Жалпы ұзақтығы 34 минут.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Эпизод 1. ұзақтығы 4 мин.
Ә.Х. Марғұлан далада. Орталық Қазақстан болуы мүмкін. Қойын дәптеріне жазып және сурет салып, жүріп жүр. Тобымен (ақсақал, балалар) обаны, бейіттерді, петроглифтерді зерттеп жатыр.

Эпизод 2. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан даладағы лагерде. Экспедициялық шатырлар, машина. Шатырдың ішінде газет оқып жатыр.

Эпизод 3. ұзақтығы 3 мин.
Экскаватор обаны қазып жатыр. Археологтар найзаласқан және қалақ күректерімен тас обаны қазып жатыр. Тастар көп. Марғұлан басшылық етіп, жұмыс барысына зер салып қарап тұр. Басында тақиясы бар, жас жігітпен әңгімелесіп тұр.

Эпизод 4. ұзақтығы 1 мин.
Шоқ қайың. Артқы жақта конустық шатыр құрылысы. Марғұлан орта жастағы көзілдірік киген ер адаммен әңгімелесіп отыр.

Эпизод 5. ұзақтығы 3 мин.
Машина (экспедициялық УАЗик) далада кетіп барады. Марғұлан тас кесектерін, плиталарды қарап жатыр (Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіші?). Академик кеудеше, қалпақ киінген. УАЗик жолға шықты.

Эпизод 6. ұзақтығы 2 мин.
УАЗик жүріп бара жатыр. Марғұлан бір ер кісімен екеулеп бұталар мен биік шөптер басқан жерлердегі ескерткіштерді қарап жатыр.

Эпизод 7. ұзақтығы 3 мин.
Марғұлан топпен бірге тас мүсіндерді қарап жатыр. Петроглифтермен немесе суреттермен болуы мүмкін.  Тас бейнелер? Орталық Қазақстан?

Эпизод 8. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан қазылған жерлерді қарап жатыр (өліктің жатысына, бас жағындағы керамиканың және ыдыстардағы өрнектерге қарағанда анық андронов мәдениеті). Тас плиталар.

Эпизод 9. ұзақтығы 1 мин.
Көзілдірік киген еркекпен әңгімелесуде. (4 эпизодтың жалғасы).

Эпизод 10. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан қолдарында найзаласқан және қалақ күректерімен қазып жатқан археологтардың жұмысын басқарып тұр. Кейбіреулері сыпыртқымен тазалап жатыр. Көмілген жерден үлкен тас плитаны алуға тырысып жатыр.

Эпизод 11. ұзақтығы 2 мин.
Обаны тазалау (қола дәуірі?). Жағалай тастар төселген үлкен жазық оба. Барлығы щеткамен жұмыс істейді.

Эпизод 12. ұзақтығы 4 мин.
Ескерткішті күрекпен тазалау. Марғұлан обаны айнала жүреді, жұмысты басқарып, қойын дәптеріне бiрдеңе жазады немесе сурет салады.

Эпизод 13. ұзақтығы 5 мин.
Тас плитаны ашу. Ыдыс табылды. Тазалау. Марғұлан қарап тұр, айтып жатыр, басқарып тұр, жастарға бірдеңе түсіндіруде. Эксковатормен қазу. Көму. Марғұлан екі ер адаммен ескерткіштердің тас плиталарын қарап жатыр.
Шоқ қайыңда әңгімелесу (бірнеше сек., өте төмен сапа).

Эпизод 14. ұзақтығы 2 мин.
Лагерьде алаудың басында. Археологтар дем алып жатыр. Гитарамен әндер айтады.

Эпизод 15. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан бiлтелi шамның жарығында адамдармен, соның ішінде қалпақ және пенжек киген көрнектi зиялымен әңгімелесуде.

Эпизод 16. ұзақтығы 2 сек.
Экскаватор обаны ашып жатыр.

ІІ ДИСК  «Позитив» жазуы бар. Жалпы ұзақтығы 16 минут.

JavaScript is disabled!
To display this content, you need a JavaScript capable browser.

Эпизод 1. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан тобымен далада жүріп келеді.

Эпизод 2. ұзақтығы 1 мин.
Экспедицияның шатырлы лагері
Пауза (бейне жоқ) 2 мин.

Эпизод 3. ұзақтығы 1 мин.
Марғұлан шатырда. Көзілдірік киіп оқып отыр. Экспедициялық машина (УАЗ).

Эпизод 4. ұзақтығы 3 мин.
Үлкен обаны қазу. Кіші экскаватор жұмыс істейді.  Археологтар күрекпен және шот балғамен жұмыс істейді.
Арықарай І дискінің 3 эпизоды қайталанады. Қалған уақытында І дискнің эпизодттары қайталанады.

 
                           
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2012 Ә.Марғұлан сайты.