Сауалнама

Сізге сайттағы ақпарат пайдалы болды ма?
 

Ізденіс

Фотомұрағат

Шығармашылығы

Марапаттаулар

Онлайн қонақтар

Сейчас 63 гостей онлайн
Ә.Марғұлан: Хронология
Хронология

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бұл революцияға дейінгі Павлодар уезі Ақбеттау болысы №2 ауыл. 1985жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болып, сонда жерленді.

1915ж. Баянауылда үш кластық орыс мектебіне түсті.

1919-1920жж. Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқиды.

1920-1921жж. Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болды.

1921-1925жж. Семейдегі педагогикалық техникумның тыңдаушысы. «Таң» журналы «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарады.

1925ж. Семей педагогикалық техникумын аяқтады.

1925-1929жж. Ленинградтағы Шығыс институтының тарих-филология факультетінде қатар оқыды.

1928ж. Өнер институтына да жазылады.

 

1926-1927жж. СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекшк комитеті Қазақстан және С. Руденко бастаған Алтай экспедицияларының жұмысына қатысты.

1930-1931жж. Қазақ ССР Оқу ағарту комиссариатының жанындағы терминологиялық комиссияның ғылыми хатшысы.

1931-1934 жж. Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты.

1931-1935 жж. Шығыс институтының оқытушысы.

1936-1938 жж. Москвадағы материалдық мәдениет тарихы институтының ізденушісі және  ғылыми қызметкері.

1938 ж. Алматыда СССР ҒА-ның бөлімшесінің ашылуына байланысты тарих саласы бойынша аса білгір ғалым ретінде елге шақырылады.

1939-1941 жж. СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері.

1940-1941 жж. оның «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлішер Навои және қазақ мәдениеті», «Мұхамет Хайдар – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы» сияқты еңбектері жарық көрді.

1941 ж. Қажым Жұмалиевпен бірге «Қазақ әдебиетінің» оқулығын жазды.

 

1941-1946 жж. СССР ҒА Қазақ филиалы Тарих бөлімі меңгерушісі.

1942 ж. Қазақ ССР Жоғары Советі грамотасымен наградталды.

1943 ж. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта диссертация қорғады.

1944 ж. Қазақ ССР Жоғары Советі грамотасымен наградталды.

1945 ж. «1945-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен наградталды.

-    Филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Қазақ халқының эпикалық жыр-дастандары» деген тақырыпта диссертация қорғады.

1945 ж. СССР Ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды..

1946 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

 

1946-1947 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі.

1947-1950 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Тарих, археология жэне этнография институтының археология секторының палеолит бөлімінің меңгерушісі.

1950-1951 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археология секторының  меңгерушісі.

1951-1953 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері.

1953-1955 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкері.

1955 ж. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1955-1958 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері.

1958 ж. Қазақ ССР ҒА-ның толық мүшесі (академигі).

Оның басқаруымен Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектері жарық көрді.

1958-1976 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі.

1960 ж. Профессор атағы берілді.

1961 ж. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді.

 

1964 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Құрмет грамотасымен марапатталды.

1967 ж. «Орталық Қазақстанның көне мәдениеті» атты монографиясы үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР ҒА-ның сыйлығына ие болды.

Осы жылы Ленин орденімен марапатталды.

1970 ж. «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен мараппатталды.

1973 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

1974 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1976 жылдан-1984 жылға Қазақ ССР ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

1982 ж. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1984 ж. Халықтар достығы орденімен марапатталды.

1985 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды.

 
                           
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2012 Ә.Марғұлан сайты.