Сауалнама

Сізге сайттағы ақпарат пайдалы болды ма?
 

Ізденіс

Фотомұрағат

Шығармашылығы

Марапаттаулар

Онлайн қонақтар

Сейчас 66 гостей онлайн
Енгізген үлесі

Ә. Марғұланның зерттеу объектісі әртүрлі ежелгі архитектура ескерткіштері болды. Ол ерте темір және қола дәуірлеріндегі бірегей археологиялық ескерткіштерді ашқан, олар Беғазы, Санғуыр, Беласар және т.б.

Орталық Қазақстан территориясының археологиялық зерттеулерінің нәтижесі «Қазақ КСР тарихы» бес томдық және «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті», «Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті» монографияларында жинақталған. 1950 жылдың ортасында ғалымның басшылығымен қазақтың көрнекті ағартушы-ғалымы Ш. Уалиханов туралы материалдар мен ақпараттар жинау жүзеге асты. Ә. Марғұлан Ш. Уалихановтың шығармалар жинағының құрастырушысы әрі редакторы болды, сонымен қатар ол жөніндегі көптеген монографиялардың авторы болды. Марғұлан көп жылдар бойы қазақ халқының этногенез бойынша координациялық кеңесін, Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының Ғылыми кеңесін, докторлық диссертацияны қорғау бойынша мамандандырылған кеңесін басқара отырып, ұйымдастыру жұмысымен ғылыми-оқытушылық қызметін байланыстырды. Ә.Марғұлан 300-ден аса ғылыми және ғылыми-танымал басылымдарын басып шығарды.

Әлкей Марғұлан атақты Орталық-Қазақстан археологиялық экспедициясын ұйымдастырған (1946—1974 жж.).

Ол Орталық Қазақстандағы ірі өркениет орталығы – кейінгі қола дәуірінің Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан және дәлелдеген.

 
                           
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2012 Ә.Марғұлан сайты.