Сауалнама

Сізге сайттағы ақпарат пайдалы болды ма?
 

Ізденіс

Фотомұрағат

Шығармашылығы

Марапаттаулар

Онлайн қонақтар

Сейчас 1539 гостей онлайн
Естеліктер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Арнабай Нұржанов,
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

Ералы Ақымбек,
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі

ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылы 28 тамыздағы № 496 «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының құрылуы туралы» Жарғысы бойынша 1946 жылдың маусымында шаңырақ көтерген Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамындағы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтынан бөлініп шықты. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы бола отырып, республикадағы археология ғылымын басты үйлестіруші ретінде өзінің жиырма жылдық ғылыми және жасампаз жолын лайықты жүріп өтті.

Институтқа Ә.Х.Марғұлан атын беру кездейсоқтық емес. Қазақстан археологиясының қалыптасуы тікелей осы тұлғаның есімімен байланысты. Әлкей Хақанұлы – жан-жақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, КСРО Ғылым академиясының толық мүшесі, белгілі шығыстанушы, тарих төңірегінде көп еңбек сіңіріп, Қазақстан археологиясының жеке ғылым ретінде қалыптасуында ерекше із қалдырған. Сондықтан да ғалымның ҚазКСР ҒА құрылған соң, бірден Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жасақталған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 20 жыл бойы жұмыс істеді. Экспедицияның көпжылдық зерттеулерінің басты нәтижесі – тарихшылар, археологтар және қоғамдық ғылымдар арасында мойындалып, бағасын алған Орталық Қазақстандағы «Беғазы-Дәндібай мәдениетінің» ашылуы болды.

Алғашқы палеометалл және индустрияның бастауы

Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі Ғылым академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүрді. Осы кезеңнен бастап республикадағы археологиялық зерттеулерге Тарих инсти­тутының археология бөлімі жетекшілік ете бастады. Академик Ә.X.Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция көп жылдар бойы ұлы Арқа жеріндегі зерттеулерін жүргізіп келді. Қола дәуірінің негізгі орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан. Бүгінгі күні ғалымдар бұл өңірден сол кезеңге жататын 30-дан аса елді мекен мен 150-дей қабірді (қорымды) қазып зерттеді. Біздің заманымызға дейінгі ХІІ-VІІІ ғасырлар «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп айтылады. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткішімен сипатталады. Олардың қатарына «Ақсу-Аюлы-ІІ», «Ортау-ІІ», «Байбала-ІІ», «Бесоба», «Бұғылы-ІІІ» кешендері жатады.

Археологтардың күшімен Солтүстік және Батыс Қазақстанда қола дәуірінің көптеген ескерткіштері ашылды. Оның ішінде ғылымға кеңінен белгілі «Алексеевка», «Ұралысай», «Тастыбұлақ» және тағы басқа қоныстар бар. Батыс Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ескерткіштері таспен қоршалса, Есіл өңірінің Петровка, Боголюбово төңірегіндегі елді мекендер орман және қазылған ор топырағынан соғылған дуалмен қоршалған. Дуалдың үстіне ағаш шарбақ, адамдардың кіріп-шығуы үшін ор бойында қазылмаған бітеу жер қалдырылып, дуалға арба сыятындай етіп, есік орнатылған. Қола дәуіріне жататын Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалардың негізі болған Қостанай мен Челябі облыстарының түйіскен жеріндегі – Арқайым. Соңғы кездегі археологиялық зерттеулер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірінде адамдар қоныстанғандығын және игергендігін көрсетіп отыр. Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын – Түгіскен кесенесі (мазары). Мазар саз кірпіштен салынып, іші дөңгеленіп, қабырғаларының сырты төртбұрышты болып келген. Шеңберді айналдыра кірпіштен тікбұрышты тіреулер өрілген. Кірпіш тіреулермен қатар ағаш тіреулер де болған. Үйдің ортасына және дәліздерге ыдыстар, қоладан жасалған құралдар мен қарулар, алтын әшекейлер қойылған. Өлген адамның мәйітін ортаңғы бөлмеге жатқызып өртеген. Мұның өзі қола дәуірінде өлікті өртеу ғұрпы болғандығын көрсетеді.

Сонымен, қола дәуірінде далалық өркениеттің іргетасы қаланды деп нақты айта аламыз. Орталық Қазақстан алқабы Орал тауларынан Енисейге дейін, оңтүстігінде – Тянь-Шань мен Памир, Орталық Азияның шөлдеріне дейінгі аралықты қамтыған Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының құрамында. Бұл мәдени орта Еуразия аймағындағы бірегей құбылыс болып табылады. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта өндіруші мал шаруашылығы мен кешенді отырықшы-бақташылық бағыттары толығымен орнады.
Жезқазған кенішінен қола, сақ, орта ғасырлар дәуірлерінде 1 миллионнан астам тонна мыс рудасы алынған. Аса ірі көне кен орнына «Кенқазған» жатады. Мұндағы көне карьердің қазіргі ұзындығы – 500 м, ені 100 м. Мамандар оның қазіргі сақталған тереңдігі 10 м, ал кезінде 30 м-ге жеткен деп санайды. «Кенқазғаннан» көне дәуірде 800 мың тонна мыс рудасы алынған. «Кенқазған» рудасы одан 100 шақырым қашықтықтағы қола дәуірінің «Атасу» қонысына жеткізіліп, сонда балқытылған. Атасу өзені алқабында орналасқан осы қонысты зерттеген археологтар мұнда 22 балқыту пештерінің орнын ашты. Қарағанды облысындағы «Суықбұлақ», «Қарқаралы 1-2», «Шортандыбұлақ», «Талдысай» сынды көптеген металлургиялық қоныстарды айтпағанда, бір ғана «Атасудың» өзі көне заманғы ірі мыс зауыттарының бірегейі болған.

Ерекше орынға қола өндіру ісі шықты. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Орталық Қазақстан Еуразияның аймағы ауданы бойынша үлкен, көршілес өңірлерге әсер еткен тау-кен, металлургия және металл өндеу ошақтарының біріне айналды.

Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қоныстарының ең үлкені болып табылатын «Кент» қонысының ауданы – 30 гектар, мұнда тұрғын үй, түрлі шеберханалар, ғұрыптық орындар санатына кіретін барлығы 100-ден астам құрылыс орыны бар. Беғазылықтар әскери ақсүйектер – пәрменді көсемдер басқарған бірнеше ірі тайпалық бірлестіктен құралған. Үлкен көлемдегі тас кесенелер болса, билік пен байлықты өз қолдарына жинаған, металл өндіру мен оны бөліп тарату саласына бақылау жасап отырған, алыс өлкелерге жорықтар жасаған қаһарлы көсемдердің қабірлері болып табылады.

 

Айбар Касеналин,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің оқытушысы

Беғазы-дәндібай мәдениеті
15-Маусым, 2011

«АРХЕОЛОГИЯ – тарих ғылымының төресі» деген сөзді өмірлік қағида етіп ұстанған академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның отандық археология ғылымын дамытуға қосқан еңбегіне ешкім күмән келтірмесі анық. Әйгілі Арқаның Бетпақдаласынан бастап, қасиетті Баян жеріне дейінгі аралықты түгелдей шарлап, тамыры тас дәуірінен бастау алатын көнелердің орнын анықтап, ежелден бері Қазақстан аумағы иесіз жатқан жер емес екенін шама-шарқы келгенше дәлелдеген Әлекеңнің ашқан жаңалықтарының бірі – Беғазы қорымы екенін адамдардың бірі білсе, екіншісінің есінен қалыс қалуда. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ­станда белсенді түрде атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күллі Еуразия аумағының көне тарих беттері жаңа жаңалықтармен толықтырылып, Әлемге қола дәуірінде Орталық Қазақстан жерінде өркендеп, көршілес аумақтарға ықпал етіп, кеңінен тараған атақты Беғазы-дәндібай мәдениеті жарыққа шығарылды. Беғазы феноменін бүгінгі күні Еуропа ғалымдары түгелдей мойындауда. Сарыарқаның төлтума археологиялық мәдениетінің ашылуына және аталуына себепші болған көрнекті ескерткіштердің бірі Дәндібай қорымын осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын ауылшаруашылық жұмыстардың қарқынды түрде атқарылуына байланысты, болашақтағы су қоймасының орнын зерттеуге бағытталған П.С. Рыков жетекшілік еткен Нұра экспедициясы зерттеді. Зерттеу жұмыстарына П.С.Рыковтан басқа, М.П.Грязнов, М.И.Артамонова, И.В.Синицына, Н.К.Арзютова, М.Н.Комарова мен А.Н.Рогачева сынды ғалымдар қатысқан болатын. Экспедиция жұмыстары барысында алынған заттық мәдениет бұйымдары Қазақстан жерінен табылған көптеген басқа да құнды жәдігерлер сынды әлі де Эрмитаж қорында сақталуда. Қазіргі таңда бұл эпонимді ескерткіш Қарағанды қаласының маңындағы Топар су қоймасының астында қалған болатын. Ал «Археологияның атасы» атанған Әлкей Марғұлан бастаған, Есік обасындағы «Алтын сарбаздың» авторы Кемал Ақышев, орыстың белгілі ғалымы Л.Р. Кызласов қатысуға мүмкіндік алып, қазба жұмыстарын жүргізген Беғазы зиратының қазіргі жағдайын кім біледі? Археолог-ғалымдар арасында азды-көпті бұл ескерткіш жайында аракідік сөз болып отырғаны болмаса көпшілік көңілінде тіпті де еске алынбайды. Бұл жердің Әлекеңнің қазба жұмыстарынан кейінгі жағдайы жайында қандай ақпараттар бар? Кімдер, қандай ғалымдар отандық археология ғылымындағы өзекті тақырыпты күн тәртібіне қоюда? Беғазының болашақтағы даму бағыттары қандай? Жоғарыда аталған және басқа да мә­селелер бойынша көпшілік оқырман қауымды хабардар етуді өзіме міндет санадым.

Ең алдымен, сөз басында Беғазыда орналасқан ескерткіштердің көлемінің қомақты болуы себепті бұл нысандар ежелден бері адамдардың назарында болғандығы анық. Ал бұл өлкедегі қорым туралы алғашқы деректер ХХ ғасырдың басынан кездесетінін айта кеткен жөн. Кезінде Семей облыстық статистика комитетінің ұйымдастыруымен 1900 жылы жүргізілген археологиялық ескерткіштер туралы ақпараттар жинау шарасының аясында Н.Коншиннің 1903 жылы жариялаған «О памятниках старины Семипалатинской области» еңбегінде Қарқаралы уезі бойынша төмендегідей мәліметтер келтіріледі: «В Токраунской волости на ур. Бегазы есть 10 курганов круглой формы с насыпью из мелкого камня. Около 3 из них по четырем углам поставлено по камню высотой до 2 ½ арш., 3 обложены у основания крупными камнями в ½ арш. высотой, у остальных же 4 на верхушках поставлено по камню высотой в 3 арш. …» Сипаттамаға назар аударар болсақ, Н. Коншиннің сөз етіп отырған нысандары қазіргі таңда ғылымда кеңінен танымал Беғазы қорымындағы әйгілі тас кесенелері туралы екенін болжамдап айтуымызға болады.

1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың тікелей атсалысуының арқасында ашылған ҚазССР Ғылым академиясында Тарих, археология және этнология институтының қарамағында Әлкей Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыс атқара бастайды. Алғашқы уақыттағы басым бағыттардың бірі ретінде Орталық Қазақстан бойынша археологиялық тұрғыда тарихи-мәдени ескерткіштерді іздеу мақсатында толыққанды барлау жұмыстарын жүргізу таңдап алынып, сол жылдың далалық маусымында Әлкей Марғұлан көптеген басқа да ескерткіштермен қатар Беғазы қорымы бойынша алғашқы деректерді жинай бастайды. Бұл археологиялық кешеннің маңыздылығын Әлкей Марғұланның сөзімен келтірер болсақ: «… этот комплекс памятников относится к редким археологическим находкам Казахской Республики»,– деген болатын. 1947-1952 жылдары аралығында арасына үзілістер салынып зерттелген қорымнан орта қола дәуірі бойынша мәліметтер қоры толықтырылып, соңғы қола дәуірі бойынша тың деректер жинақталды. Сол жылдары далалық зерттеу жұмыстарының ауқымды жүргізілуінің арқасында отандық археолог ғалымдардың жергілікті мәліметтер негізінде іргелі еңбектерінің жазылуына себеп болды.

ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақыт аралығында қола дәуірі бойынша шоғырланған деректерді алғашқы болып Кемал Ақышев өзінің кандидаттық диссертациясында талқылаған болатын. Дәндібай мен Беғазы тас кесенелерінің ерекшелігіне назар аударған ғалым алынған материалдардың бірегейлігіне байла­нысты қола дәуірінің кезеңдемесінде арнайы Беғазы сатысын бөліп шығарған еді.

Әлкей Марғұланның еңбегінің арқасында Орталық Қазақстан бойынша деректік қор жыл өткен сайын кеңейе түсіп, 1979 жылы көптеген қоныстар мен қорымдардан алынған материалдар Әлкей Марғұланға қола дәуірінің айрықша Беғазы-дәндібай мәдениетіне арналған арнайы монографиялық еңбегін шығаруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні Әлкей Марғұланның атқарған жұмысының арқасында Беғазы-дәндібай мәдениетінің көптеген қоныстық орталықтары мен қорымдық ескерткіштері белгілі. Соның ішінде, әрине, Беғазы зираты айрықша орынға ие.

Көпшілік қауыммен Беғазы қорымы ең далада орналасқан, тек қана тас кесенелерден тұратын ескерткіш ретінде қабылданады. Алайда зерттеу жұмыстары барысында бұл қорым құрамында орта қола уақытының… қоршаулары, соңғы қола дәуірінің 6 тас кесенесі, ерте темір дәуірінің… тас және топырақтан үйілген обалары, ХХ ғасырдың бейіттері мен саман мазарлары бар екендігі тіркелді. Демек, мұндай тұрғыдағы ескерткіштердің ансамблі бұл қорым, қорым орналасқан өлке сонау бағзы замандардан бастап, кейінгі кезеңге дейін адамдардың ой-санасында ерекше қастерлі мекен, киелі орын қызметін атқарған.

Қорымда әр уақытта атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының арқасында біздің эрамызға дейінгі 17-19-ғғ. аралығын қамтитын кезең бойынша кең құлашты ақпарат беретін көптеген мәліметтер шоғыры жиналды. Андронов уақытының ескерткіштерінен алынған заттық деректер қалыптасқан қор көлемін кеңейтсе, соңғы қола дәуірінің тас кесенелерін зерттеу Орталық Қазақстанның айрықша Беғазы-дәндібай мәдениеті бөліп шығаруға негіз болды. Қордаланған ақпараттар кешенінің арқасында ғалымдар сол уақытта өмір сүрген қауым туралы біршама тұжырымдар жасауға мүмкіндік алды. Мәселен, Беғазы-дәндібай мәдениетін ұстанған ру-тайпалардың қоғамдық құрылымы, өркениеттік деңгейі, әлеуметтік жіктелуі жөнінде, адамдардың наным-сенімдері мен діни көзқарастары жайында, сол дәуірдің архитектурасы мен құрылыс салу техникасы жайлы, аталған уақыттағы тауар алмасу ерекшеліктері және т.б. көптеген аспектілері турасында айтуымызға болады.

Қазіргі таңда толық жауапкершілікпен Беғазы-дәндібай дәуірінде терең әлеуметтік жіктеліс болғандығы жөнінде айта аламыз. Себебі Беғазы қорымы, сондай-ақ Дәндібай, Айбас-дарасы, Бұғылы т.б. қорымдарда орналасқан тас кесенелер әлеуметтік сатыда біршама жоғары тұрған адамдарға арнайы салынған зираттар екендігі анықталған. Зәулім құрылыстардан қазба кезінде табылған сан түрлі әшекей мен бағалы заттар, ақтық асқа арналған көптеген қыш құмыралар – бұлардың барлығы сол жерге арулап қойған адамның көзі тірі кезінде ие болған атақ-абыройын, әлеуметтік мәртебесін асқақтату үшін жасалған шаралар.

Дүниетанымдық көзқарастары бойынша оларда Күншығыс идеясы басым орында болған. Төртбұрышты жерлеу орнынан шығысқа қарай екі қатар тастан салынған жолақтар жерленген адам аруағын өлілер әлеміне жөнелтетін дәліз қызметін атқарған. Бір таңғажайып ұқсастық, дәл осындай ғұрыптық мәнге ие құрылыстар Орталық Қазақстан ерте темір дәуірі Тасмола мәдениетінің «мұртты обалар» деген шартты атаумен белгілі құрылыстардан байқалады. Бәлкім, ертетүркі уақытының төртбұрышты еске алу қоршауларының шығыс беткейіне қойылатын тас мүсін мен бірнеше ондаған метрлерге қойылатын балбал тастар да жоғарыда аталған дәстүрдің сарқыншақтары іспеттес.

Әлкей Марғұлан зерттеулерінен кейін түрлі себептерге байланысты Беғазы өлкесінде ғалымдармен ізденіс жұмыстары жүргізілген жоқ. Алайда Беғазы тақырыбы мен ескерткіштері жөнінде қалам тартқан ғалымдар саны уақыт өткен сайын арта түсті. Ғылыми еңбектер санының көбейе түсуі, бір жағынан, жанға жайлы жаңалық әкелсе, екінші жағынан, жыл, бірнеше онжылдықтар өткен сайын қорым құрамындағы ескерткіштер зақымданып, өзінің тарихи бет-бейнесін жоғалта бастауына бұл еңбектер ешқандай оң әсерін тигізбеді. Ескерткіштердің бүлінуінің алғашқы себебінің бірі табиғи факторлардан болса, екінші себепке адамдардың іс-әрекеттері жатқызылады. Айта кетер жағдай, қорымның іргесінде орналасқан ауылда ауылшаруашылық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қорымдағы ескерткіштердің тас материалдарын дайын шикізат көзі ретінде пайдаланғаны жөнінде ақпараттар тіркелген болатын. Сондай адам қолымен жасалынған жұмыстардың салдарынан көптеген ескерткіштер зардап шеккен болатын.

Беғазы тақырыбымен жіті таныс емес немесе археологиядан онша-мұнша хабардарсыз ғалым ағаларымызға бұл кешен сол баз-баяғы қаз-қалпында тұрған бойда көрініп жүрген сыңайлы. Бірақ осыдан он жыл бұрын тіркелген ескерткіштердің техникалық жағдайы: тас-талқан болған баға жетпес қоршаулар мен кесенелер, мидай шашылған бейіттер, қорым аумағының күл-қоқыстардан аяқ алып жүргісіз көрінісі Тәуелсіз еліміздің еншісіне жазылған тарихи-мәдени мұраға халқымыздың қалай қарайтынының көрсеткіші сияқты болып көрінеді.

Дегенмен «Көш жүре түзеледі» демекші, бүгінгі күні, уақыт озған сайын атадан балаған мирас болып жеткен мәдени мұрамыз ескірмей, керісінше, өзінің таң-тамаша келбетіне қайтып келуде. Оған себеп, 2003 жылы Қарағанды облыстық мәдениет департаменті тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында қабылданған «Беғазы қорымындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты жобаның жүзеге асырылуы болып табылады. Сол жылдары аталған ұйымды басқарған Рымбала Омарбекованың ізденісінің арқасында қазіргі таңда Беғазы қорымындағы ескерткіштердің басым бөлігі қайта қалпына келтіріліп, көз қуанарлық, көңіл жұбанарлық жағдайға жетті. Жоба бойынша өткізілген тендерде Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетерлік жайт, сол жылдары атқарылған жұмыстардың арқасында көпшілік қауым мен ғылыми интеллигенция өкілдерінің Беғазы қорымындағы атқарылған жұмыстардың маңыздылығына көздері жетіп, аталған қорымдағы зерттеу жұмыстарын бұдан былай қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынысымен қабылданған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға оң сыңай танытқан болатын. «Беғазы-дәндібай және Тасмола мәдениеттерінің ескерткіштері» атты тақырыпта ұсынылған жоба «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жүргізілетін жұмыстардың алғашқы сатысына кіргізілмей қалса да, екінші сатысынан бастап, яғни 2007 жылдан бері қарай уақытта тұрақты түрде ізденіс жұмыстары атқарылып келеді. Зерттеу жұмыстарына Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Зияденұлы Бейсенов жетекшілік етуде.

А.З. Бейсеновтің пікірінше: «Қазақстанның археология ғылымындағы аса маңызды орынға ие осынау ескерткіштегі жұмыстарды уақытылы қолға алып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізе бастауымыз ХХІ ғасырдың өзінде елімізде белгісіз адамдар тарапынан тарихи-мәдени мұраға жасалынып отырған сан түрлі қиянаттан ескерткішті аман алып қалып отыр. Бірақ ескерткіштерді игеруге «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат көлемінің жыл санап белгіленген мөлшерден әлдеқайда аз деңгейде бөлінуінің салдарынан, алғашқы уақытта көрсетілген іс-шаралар кешенінің жоспарына сәйкесінше өзгерістер пен толықтырулар енгізіп, бастапқы уақытта көзделген мақсаттарға жетуге кедергі жасап келуде».

Аталмыш бағдарлама бойынша қаражат көлемінің азаюының себептерінің байыбына бармай-ақ, Беғазы зиратындағы жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып қалғанын айта кеткен дұрыс. Ендігі кезекте, қорымдағы абаттандыру жұмыстары, яғни ескерткіштерді көруге арналған тастан салынатын жолдарды төсеу, нысандар жайлы мәлімет беретін ақпарат тақталар ілу, қорым аумағын толығымен қоршау сияқты шаралар атқарылуы тиіс.

Беғазы қорымындағы жұмыстар көпшілік археолог ғалымдарға үлкен тәжірибе жинау алаңы болды. Осы қорым негізінде ендігі кезекте басқа да нысандарды қайта жаңғыртып, бейнелі түрде айтар болсақ, екінші рет өмір сүруге құқық беріледі.

Қазіргі таңда Беғазы өлкесінде арнайы «Қызыларай-Беғазы тарихи-мәдени табиғи қорық» ашу мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Қорықты ұйымдастыру жұмыстарының бастапқы сатылары атқарылғанмен, бүгінгі күні басқа мәселелері бәсеңдеп қалған сыңайлы. Әсілі, мұндай тұрғыдағы қорық бұл өлкеге әбден керек. Себебі бұл жерде Беғазы зиратынан басқа әр дәуірдің көптеген ескерткіштері тіркелген. Археологиялық ескерткіштерден бөлек, аталмыш ауданда төре тұқымдары жерленген Талдыбейіт қорымы, Әсет Найманбаевтың туып-өскен қыстауларының орны, Қасым қорасы, т.б. нысандар шоғырланған.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың барлығы жүзеге асқан жағдайда өлкеде жергілікті туризмді дамытуға, көпшілік қауым үшін насихат жұмыстарын жүргізуге, ең бастысы, мыңжылдықтар куәларын бұдан былай қарай уақытта бүлінбей, аман сақтап қалуға даңғыл жол ашылатын еді. Бүгінгі күннің өзінде мұндай перспективалы жұмыстар өзінің орындаушыларын асыға күтуде.

Сөз соңында болашақ ұрпақ алдындағы келелі мақсат, арлы міндет болып саналатын тарихи-мәдени мұраларымызды сақтап, келер толқын ұрпаққа жеткізу тек қана археолог ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар елімізде өмір сүретін барлық санаттағы азаматтардың адами парыздары екенін айтамыз.

 
                           
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2012 Ә.Марғұлан сайты.